Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын 100 мың теңге айыппұл арқалады
Абай облысының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады T odayinfo агенттігі. Полиция басқармасына Карменов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында терроризм актісі жоспарланғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полиция мен

Абай облысының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.
Полиция басқармасына Карменов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында терроризм актісі жоспарланғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полиция мен арнайы қызметтердің қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялап, тұрғылықты жерін мұқият тексерді. Нәтижесінде қауіпті заттар табылған жоқ.
Біраз уақыттан кейін күдіктінің өзі де анықталды. Ол Семейдің 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болғандықтан, өзінің қоңырауының себебін жөнді түсіндіре алмады. Оның мас болғанын сараптама растады.
Қазір ер адам арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 100 мың теңге айыппұл төйлейді.
Related

Regions
Ұлытау облысының әкімі Жезқазғандағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады
Айғаным Нариманова·

Regions
Қызылордада еркін форматтағы кездесуде жастар саясатының басым бағыттары талқыланды
Айғаным Нариманова·

Regions
Данияр Қасқарауов «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалының басшысы болып сайланды
Айғаным Нариманова·

Regions
Алматы облысында «Ата Заң – Қуатты Қазақстан!» тақырыбында алқалы жиын өтті
Айғаным Нариманова·