Абай облысының прокуратурасы өңірдегі азаматтардың еңбек құқығын қорғау жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыс прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау департаменті және кәсіподақтар бірлестігімен бірігіп, «Qazaq Astyq Group» ЖШС мен «Семей цемент зауыты» ӨК еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты – жұмысшылардың құқықтық сауатын ашып, олардың заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз ету.
Кездесулер ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Қызметкерлер прокуратура және басқа да жауапты орган өкілдеріне еңбек қатынастарына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай іс-шаралар азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді.
Фото: Әлеуметтік желіден




