"Қазір апелляциялық сотты күтудеміз. Оң нәтиже шығып, тым құрығанда үй қамаққа ауыстырады деген үмітіміз бар. Оған жалған ақпарат таратты дейді. Егер ол жалған мәлімет таратқан болса, жоғарыда отырған басшылар не себепті жұмыстан босады?", - дейді заңгердің жұбайы.Желідегі қауым заңгердің өзі мен отбасына барынша қолдау білдіруде. Әділетханға бостандық сұраған қауымнын қарасы күн санап ұлғайып келеді. Айта кетелік, Алматыдағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан болатын. Оның айтуынша, сол түні Zeekr және басқа бірнеше автокөлік Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фарабимен сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіген. Сондай-ақ, заңгер кейбір көліктердің жалған нөмірмен жүргенін және олардың арасында полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне тиесілі болуы мүмкін екенін де атап өткен еді.
Әйелін еңіреткен экс-полицей: қамаудағы Әділетхан Молдаханның жұбайы Президенттен көмек сұрады
Аяқасты қамауға алынған танымал заңгер Әділетхан Молдаханның жұбайы президент Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бақыт Мұсабекованың атап өткеніндей күйеуінің үстінен 274 бап бойынша іс қозғалған. Алайда жауапты орган тарапынан істің әрі қарайғ

Аяқасты қамауға алынған танымал заңгер Әділетхан Молдаханның жұбайы президент Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бақыт Мұсабекованың атап өткеніндей күйеуінің үстінен 274 бап бойынша іс қозғалған. Алайда жауапты орган тарапынан істің әрі қарайғы барысына қатысты жарытымды мәлімет берілмей отыр.
Related

News
В Казахстане подписан закон о Президенте и институте Вице-Президента
Жаннұр Еділбаева·

News
На границе Казахстана изъяты наркотики, оружие и товары на сотни миллионов тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

News
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·