«Әкесі айыппұл арқалады»: Маңғыстауда мектеп оқушысы себепсіз сабаққа бармаған
Фото: freepik Маңғыстау облысында қызының сабаққа бармағаны үшін әкесіне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 55 мың теңгеден асқан, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы әкесінің 17 күн сабаққа себепсіз бар

Фото: freepik
Маңғыстау облысында қызының сабаққа бармағаны үшін әкесіне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 55 мың теңгеден асқан, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылы әкесінің 17 күн сабаққа себепсіз бармаған 15 жасар қызын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін орындай алмағаны хабарланды.
Бұл жағдай бір жылдың ішінде қайта жасалған. Бұған дейін де жасөспірімнің заңды өкілі осыған ұқсас оқиға үшін әкімшілік жазаға тартылған.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен іс қаралды.
Сот отырысында ата-ана өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, ең төменгі жазаны сұрады.
Соттың 2025 жылғы 21 қаңтардағы ұйғарымымен жауапкер кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 380 теңге айыппұл салынды (сома 2024 жылға 1 АЕК есепке алынып көрсетілген).
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·