Todayinfo.kz
NewsView all articles

Әкім Нәлібаев: Бұл кешеннен болашақ чемпиондар шығатынына сенемін

Қызылорда облысының Келінтөбе ауылында 393 млн теңгеге жаңа спорт кешені ашылды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев нысаннан чемпиондар шығатынына үмітті.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Әкім Нәлібаев: Бұл кешеннен болашақ чемпиондар шығатынына сенемін

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Келінтөбе ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының өкілдері және зиялы қауым қатысты.

Аймақ басшысы жиналғандарды құттықтап, бұқаралық спортты дамытудың маңызына тоқталды. Ол Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмасын еске салды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын. Бүгін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 393 млн теңгеге бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне айналып отыр. Жаңа нысан дені сау ұлт қалыптастыруға қызмет етіп, осы жерден еліміздің көк туын әлемдік ареналарда желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімі 2022 жылдан бері аймақта 23 спорт нысаны салынғанын, ал биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен тағы 4 спорт кешенінің іске қосылатынын атап өтті.

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related

Әкім Нәлібаев: Бұл кешеннен болашақ чемпиондар шығатынына сенемін · Todayinfo