Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Әкімдіктің әлегі: Шымкент әкіміне театр ұжымынан шағым түсті

Әлеуметтік желіде «Өнер қырандары» театрының ұжымы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековкеашық үндеу жариялады. Театр өкілдері жазбада қала әкімдігінен мәдениет басқармасының жұмысына қатысты мәселені қарастыруды сұраған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұжымның

By Айғаным Нариманова··1 min read
Әкімдіктің әлегі: Шымкент әкіміне театр ұжымынан шағым түсті

Әлеуметтік желіде «Өнер қырандары» театрының ұжымы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековкеашық үндеу жариялады. Театр өкілдері жазбада қала әкімдігінен мәдениет басқармасының жұмысына қатысты мәселені қарастыруды сұраған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ұжымның мәлімдеуінше, үндеуде Шымкент қалалық мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың әрекеттеріне құқықтық және қызметтік тұрғыда баға беру қажеттігі айтылған.

«Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере отырып, Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың әрекеттеріне қағидатты құқықтық және қызметтік баға беруді, сондай-ақ оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігін қарастыруды және заңнамада көзделген жауапкершілік мәселесін қарауды сұраймыз», – делінген театр ұжымының үндеуінде.

Театр өкілдері өз қызметін әрдайым заң аясында жүргізуге тырысатынын және көрерменге құрметпен қарайтынын атап өткен. Сонымен қатар ұжым мемлекет жүргізіп отырған мәдени саясатты қолдайтынын және ұлттық авторлық репертуар қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келе жатқанын жеткізген.

«Өнер қырандары» театры алдағы уақытта Шымкент қаласының тұрғындары үшін жоспарланған концертін өткізуге мүмкіндік беріледі деген үміт білдірді.

«Біз Шымкент қаласының тұрғындары үшін жоспарланған концертімізді өткізуге мүмкіндік болады деп сенеміз. Өйткені мәдениет адамдарды біріктіріп, қоғамның дамуына қызмет етуі тиіс», – делінген үндеуде.

Сондай-ақ театр ұжымы бұл мәселе қала әкімінің назарымен объективті түрде және заң талаптарына сәйкес қаралады деп сенетінін атап өтті.

Ұжымның мәліметінше, аталған үндеу бұрын мемлекеттік органдарға жолданған өтініштер мен ресми құжаттарда көрсетілген деректерге негізделген.

Related

Әкімдіктің әлегі: Шымкент әкіміне театр ұжымынан шағым түсті · Todayinfo