Әлемдегі атақты ұйым: Әуежайда кепілдегі қызды құтқарған жігіт елші болып шыға келді
Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік ж

Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.
Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.
Бұған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкерді құтқарып қалғанын, оның әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы екені туралы жазғанбыз.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·