Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Әлсіз қарсылас пен арзан атақ»: Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандықтарға мақтанды

Қазақстандық актер әрі жекпе-жек балуаны Еркебұлан Тоқтар Ташкент қаласында өтіп жатқан ALL STARS TASHKENT турнирінде   жеңіске жетті, деп хабарлайды Todayinfo . Отандасымыз рингте өзбекстандық спортшы Никулин Исроиловпен кездесіп, алғашқы раундта-ақ қарсыласын екі мәрте нок

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Әлсіз қарсылас пен арзан атақ»: Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандықтарға  мақтанды

Қазақстандық актер әрі жекпе-жек балуаны Еркебұлан Тоқтар Ташкент қаласында өтіп жатқан ALL STARS TASHKENT турнирінде  жеңіске жетті, деп хабарлайды Todayinfo.

Отандасымыз рингте өзбекстандық спортшы Никулин Исроиловпен кездесіп, алғашқы раундта-ақ қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде жекпе-жек бір минутқа да жетпей аяқталып, Еркебұланның айқын басымдығымен тәмамдалды.

Жекпе-жектен кейін жеңімпаз ринг ортасында жанкүйерлерге арнап сөз сөйледі.

«Ассалаумағалейкум, Ташкент! Бұл қалада өзімді туған үйімде жүргендей сезіндім. Рақмет! Маған “кіммен жұдырықтасасың?” дегенде, ол мені таңдаған екен. Ол мені өз тарихына қосуды қалаған шығар, ал мен оны өз тарихыма жазып қойдым», – деді Еркебұлан Тоқтар.

https://www.youtube.com/live/SuGjck756dQ?si=DcEtO5Yt285tr5Dl

Related

«Әлсіз қарсылас пен арзан атақ»: Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандықтарға мақтанды · Todayinfo