Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Әрбір екінші қазақстандық қолдау көрген: «Samruk-Kazyna Trust» қоры директорының өтірік есебі әшкере болды

Фото: atr.kz «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңесінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының жұмысы талқыланып жатыр. Қордың бас директоры Альфия Адиева жыл сайын орта есеппен 30-50 әлеуметтік жоба іске қосылып, 1 миллион 150 мың адамды қамтып отырғанын айтқан. Алайда оның өтірік есеп

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Әрбір екінші қазақстандық қолдау көрген: «Samruk-Kazyna Trust» қоры директорының өтірік есебі әшкере болды
Фото: atr.kz «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңесінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының жұмысы талқыланып жатыр. Қордың бас директоры Альфия Адиева жыл сайын орта есеппен 30-50 әлеуметтік жоба іске қосылып, 1 миллион 150 мың адамды қамтып отырғанын айтқан. Алайда оның өтірік есеп екені анықталды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес мүшесі Олжас Байділдинов әлеуметтік жобалардың ауқымын бұлай есептеу шынайылығына күмән келтірді.
- Таныстырылымда әлеуметтік жобалар арқылы 11,5 млн адам қамтылған деп тұр. Осы сан назарымды аударған соң, сайттарыңызға кіріп, қалай есептейтіндеріңізді шамалап түсіндім. Мысалы, Жаңаөзенде кітапхана ашылыпты. Осы кітапхана арқылы 15 мыңнан астам адамды қамтитындарыңызды жазып қойыпсыздар. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Жаңаөзенде 152-158 мың адам тұрады екен. Оның кемінде 60 мыңы бала десек, оның үштен бір бөлігі әріп танымайды, кітапханаға бара алмайды деген сөз. Осыдан-ақ 11,5 млн адам деген сан қолдан өсірілген. Сіздердің есептеріңізге сенсек, әрбір екінші қазақстандық «Samruk-Kazyna Trust» қорының игілігін көрген болып шығады. 11,5 млн қазақстандықтың әрбіріне 10 мың теңгеден жұмсалған болып тұр. Бұл дұрыс емес, қайта есептеу керек деп ойлаймын, - деді сарапшы.
Бұл ескертуді қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев те қолдады. Оның сөзінше, қордың жұмысын әсірелеп көрсету артық.
- Кеңеске әдемілеп есеп беруді көздегендеріңіз көрініп тұр. Бірақ ең әдемі есеп – айқын әрі нақты есеп. Сіздердің есептеріңізді нақтылығына ескерту бар. Жаңағы айтқан 11,5 млн адам соған мысал бола алады. Есептеу әдістемелеріңіз түсініксіз. Осы тәсілмен есептей берсеңіздер, енді бір 20 жылдан кейін әлеуметтік жобалармен қамтыған адамдарыңыздың саны Қазақстан халқының санынан асып түсетін түрі бар. Қорларыңыздың жұмысы әсірелеп көрсетуге мұқтаж емес. Істеп жатқан жұмыстарыңыздың нақты есебін берсеңіздер жетіп жатыр. Сандарды «құлағынан тартып көрсетудің» еш қажеті жоқ, - деді Болат Жәмішев.

Related

Әрбір екінші қазақстандық қолдау көрген: «Samruk-Kazyna Trust» қоры директорының өтірік есебі әшкере болды · Todayinfo