«Әскерде зорлады»: жалған ақпарат таратқан жігіт қамауға алынды
Алаяқтық жасап, жалған ақпарат таратты деген күдікпен елордада 23 жастағы тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz полицияға сілтеме жасап. 23 ақпанда Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт иесі әскерде жүрген кезінде жыныстық зорлық көргенін және қазір қысым

Алаяқтық жасап, жалған ақпарат таратты деген күдікпен елордада 23 жастағы тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz полицияға сілтеме жасап.
23 ақпанда Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт иесі әскерде жүрген кезінде жыныстық зорлық көргенін және қазір қысымнан қорқатынын жазба арқылы мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған оқиғаның әсерінен әлі арыла алмай жүргенін айтқан. Автордың сөзінше, оны командирі қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген.
Жазбада оқиға егжей-тегжейлі сипатталып, көпшіліктің назарын аударған. Сонымен қатар автор өзіне қауіп төніп тұрғанын алға тартып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Ол банк реквизиттерін жариялап, жиналған қаражатты елден шығуға жұмсамақ ниетін білдірген. Бұдан бөлек, осы жағдайдан кейін депрессияға түскенін және жеке өмірінде қиындықтар туындағанын да жазған.
Алайда күмәнданған желі қолданушыларының бірі есепшотты тексеру үшін полицияға жүгініп, нәтижесінде жазбаның жалған екені анықталған. Тексеру барысында көрсетілген шот 17 жастағы жасөспірімге тиесілі екені белгілі болды. Оның айтуынша, хостелде танысқан адам өз есепшоттары бұғатталғанын айтып, аударым қабылдау үшін оның реквизиттерін сұраған. Осыған сенген жасөспірім деректерін берген. Екі күн ішінде оның есепшотына 100-ден астам аударым түскен.
Жедел іздестіру шаралары барысында жазба авторы ұсталды. Тергеу нәтижесінде жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, сондай-ақ күдіктінің әскери қызметке еш қатысы болмағаны анықталды. Оның бұл әрекеті әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірген.
Күдіктінің өзі жалған мәліметті ақша табу мақсатында таратқанын мойындаған. Аталған деректер бойынша алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот шешімімен қамауға алынды. Оған бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.
Полиция азаматтарға жалған ақпарат үшін жауапкершілік барын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Сондай-ақ күмәнді жағдайларда деректерді мұқият тексеріп, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.
Фото: скрин/YouTube
Related

News
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

News
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

News
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·