«Air Astana» мен «FlyArystan» әуекомпаниялары жалған мәлімет үшін жауапқа тартылды
Қазақстанда әуе отынына қатысты деректерді бұрмалағаны үшін ірі авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында "Air A

Қазақстанда әуе отынына қатысты деректерді бұрмалағаны үшін ірі авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған ақпарат ұсынылғаны анықталған.
Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған авиакомпанияларға әкімшілік шаралар қолданылды.
Осылайша, әр компанияға 100 айлық есептік көрсеткіш (432 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Министрлік өкілдері мұндай бақылау шаралары авиация саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және отын ресурстарын тиімді басқару мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Related

News
ЦИК аккредитовала еще 10 международных наблюдателей на выборы
Жаннұр Еділбаева·

News
Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
Жаннұр Еділбаева·

News
«КИСИ GPS»: в Петропавловске обсудили новую Конституцию и роль регионов в ее реализации
Жаннұр Еділбаева·