«Айқайымызды Президент Тоқаев естиді деп үміттенеміз»: Жетісулық зейнеткерлер мен мүгедектер әділдік іздеп, үндеу жасады
Жетісу облысында мүгедектер мен зейнеткерлердің мойынына 90 миллион теңгеден астам қарыз ілінді. Жаркенттік борышкерлер қазір басқаны қойып, зейнетақысы мен жәрдемақысын да ала алмай жүр, деп хабарлайды todayinfo.kz Олардың барлық есепшоттары бұғатталған, шетелге шығуына шектеу қ

Жетісу облысында мүгедектер мен зейнеткерлердің мойынына 90 миллион теңгеден астам қарыз ілінді. Жаркенттік борышкерлер қазір басқаны қойып, зейнетақысы мен жәрдемақысын да ала алмай жүр, деп хабарлайды todayinfo.kz
Олардың барлық есепшоттары бұғатталған, шетелге шығуына шектеу қойылған. Жаркент – Қытаймен арадағы шекараға жақын қала. Мойындарына қарыз ілінген халық ары-бері өтіп, сауда-саттықпен айналысу мүмкіндігінен де қағылды. Сонда мүгедектігі бар адамдарға үкімет беретін жәрдемақының өзін бұғаттайтындай не мәселе туды?
Оқиға 2013 жылы басталған екен. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жеке кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» мақсатымен жұмыспен қамту орталығында курстан өткен адамдарға қаржы бөлінеді. Ақша «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «Өңірлік даму институты» ЖШС арқылы 2013 жылы беріледі. Бірақ тікелей емес, сол жылы Жаркент қаласында құрылған «Бастаңғы несие» несие серіктестігі арқылы жұрттың қолына тиеді. Бастапқыда 80-нен астам несие алушы өтініш білдірген. Несиелерді ресімдеу және алу туралы келісімдерге 67 адам қол қойған. Заңсыздық, мемлекет қаржысына деген ашкөздік осы кездің өзінде-ақ байқалған екен. Борышкерлердің айтуынша, сұраған сомаңның 10 пайызын бермесең, өтінішің мақұлданбайды. Демек ақша алу үшін де ақша төлейсің, бірақ оны да қарыз есебінде өзің өтейсің. Бірақ негізгі мәселе бұл емес. Басты дау – қарызын әлдеқашан өтеген адамдар қалайша борышкерге айналды? Несие алушылардың 30 шақтысы 2020 жылға дейін қарыздарын толық өтеп болған. Кепілге қойылған мүліктері босатылған. Олардың енді қарыз емес екенін айғақтайтын құжаттары да бар. Ал 2025 жылы қарызын өтегендер де, өтемегендер де мемлекетке 91 миллион теңге қарыз болып шыға келді. Қалайша? 2023 жылы «Бастаңғы несие» несие серіктестігі тарайды. Енді қарызды «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сұрап отыр. Несие алушылар «Жетісу» мен «Бастаңғы несие» арасындағы түсініксіз схеманың құрбаны болдық дейді. Неге? Өйткені несие алушылардың барлығының қарыз екеніне қатысты сот шешімі шыққан. Есепшоттары мен басындағы мүліктерін бұғаттау осыдан кейін басталған. Сот несие алушылардың әрқайсысына 90 миллион теңгеден астам қарыз өтеуді міндеттеген. Зейнетақысын ала алмай жүрген зейнеткер де, жәрдемақысына қол жеткізе алмай жүрген мүгедек те – осы топтың ішінде. Алайда «борышкерлер» соттың шешімін мойындамай отыр. Себебі «сот біржақты шешім шығарды, анықтауды қажет ететін негізгі мәселеге мүлде назар аудармады» дейді жаркенттіктер. Өйткені мойнына қарыз ілінгендердің көбі сотқа қатыспаған. Екіншіден, несиесін өтеп болғандардың қолдарындағы құжат сотта басты негіз ретінде қарастырылмаған. Тіпті «тарап кеткен несие беруші ұйымның басшысы борышкерлердің атынан жалған қол қойған» деген күдік бар. Мұндай жағдайда, кімнің қолы екенін анықтайтын арнайы сараптама тағайындалуы қажет еді.
Қысқасы, жандары күйіп, қиянатқа төзбеген жұрт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінен көмек сұрап отыр. Расында, бұл жерден «бармақ басты, көз қыстының» кері анық байқалады. Президент пәрмен берсе, талай қызық ашылғалы тұр.
Related

News
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

News
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

News
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·