Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Әкесімен жасты шалға тиген: күйеуінің 70 жасын тойлаған Гүлнұр Оразымбетова сынға қалды (ВИДЕО)

Махаббат пен сыйластық жасқа қарамайды.

By Айдар Керім··1 min read
Әкесімен жасты шалға тиген: күйеуінің 70 жасын тойлаған Гүлнұр Оразымбетова сынға қалды (ВИДЕО)
📷 todayinfo.kz

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің екінші күйеуі, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын өткізем деп, елдің сынына қалды.

Ол өнердегі достары мен телеарнадағы әріптестестерінің барлығының басық қосқан. Алайда желі қолданушылары әншінің күйеуі тым кәрі екенін сынға алды, деп жазады Todayinfo.kz.

Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина сынды әншілер төбе көрсетті. 

"Гүлнұрдың жары Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында. 

Ал желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай, түрлі пікір қалдырды. 

"Шалға тиген бе сонда?", "Өзінің бірінші отбасы бар еді ғой, біреудің отбасын бұзып", "Шалға қалай тиген?", "Әкім болып, дүркіреп тұрған шығында тиген шығар", "Осы шалдың арқасында экранды бермей жүрген бе?", "Әкесімен жасты адам ғой", "Күйеуін онша көрсетпейтін еді", "Мерейтой құтты болсын", - деп жазды оқырмандар. 

Related