Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алаяқ, елден қуылған: Өзбекстаннан қашып келген «емші» Сайрамда қазақтарды тонауға көшкен

Қоғам белсендісі Байкал Саимов Шымкенттің Сайрам ауданында Өзбекстаннан қашып келген біреу жұртты алдап, емшілікпен айналысып жатқанын айтып, дабыл қақты деп жазады Todayinfo . «Өзімізде алаяқтар аз еді, енді Өзбекстаннан қашып келген біреу Шымкенттің Сайрам ауданының орталығында

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Алаяқ, елден қуылған: Өзбекстаннан қашып келген «емші» Сайрамда қазақтарды тонауға көшкен

Қоғам белсендісі Байкал Саимов Шымкенттің Сайрам ауданында Өзбекстаннан қашып келген біреу жұртты алдап, емшілікпен айналысып жатқанын айтып, дабыл қақты деп жазады Todayinfo.

«Өзімізде алаяқтар аз еді, енді Өзбекстаннан қашып келген біреу Шымкенттің Сайрам ауданының орталығында “емші” болып, адам қабылдап жатыр екен.

Адам басына бір сеанс – 15 000 теңге. Комментарийлерді оқып шықтым – өзбек ағайындардың өздері: “бұл алаяқ, елден қуылған” деп жатыр.

Ал бұл көкем күніне 1000 адамға дейін қабылдап, спокойно емін жүргізіп, халықтың қалтасын қағып жүр. Есептей беріңіз, арабша бір-екі сөз айтып, қолымен сипап, “сүф” деп үрлегені үшін, күніне 15 000 теңге.

Айналайын, аңқау халқым! Не болды сендерге? “Ауру – батпандап кіріп, мысқылдап шығады” дейді. Ешбір дерт бір сипаумен, бір үрлеумен жазылмайды.

Әр аурудың өз себебі, өз жолы, нақты емі бар. Адал еңбегімен, пәлен жыл алған білімімен жұмыс істеп жүрген дәрігерлеріміз тұрғанда, неге бір алаяққа басыңызды иесіздер, неге алданасыздар?

Бір сәтке ойланыңыздар.Ол шынымен емдей ме, жоқ әлде жай ғана ақша сора ма? Өз халқының өзі қуып шыққан адамға неге сенесіз? Аңқаулығымыз өз қазағымызды емес, өзгені байытып жатыр емес пе?

Халықтың есін жиып, ақылмен, біліммен, сын көзбен қарауға уақыты келді. Мұндай алаяқтарға тоқтау салатын да – өзіміз.

Мынаны қолға алмаса болмайды.

Алаяққа емес, ақылға жүгінейік ағайын!»,- деп жазды Байкал Саимов.

Фото: скрин

Related

Алаяқ, елден қуылған: Өзбекстаннан қашып келген «емші» Сайрамда қазақтарды тонауға көшкен · Todayinfo