Ресей Қарулы Күштері Украинамен шекаралас аумақта қауіпсіздікті нығайту мақсатында буферлік аймақ құру жұмыстарын қолға алған. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні үкімет мүшелерімен өткен жиында мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo РБК-ге сілтеме жасап.
«Шекара бойында қауіпсіздік аймағын құру туралы шешім қабылданды. Қазір бұл тапсырманы Қарулы Күштер орындап жатыр. Қарсы тараптың атыс нүктелері жүйелі түрде жойылып, жұмыс қарқынды жүргізілуде»,- деді ол.
Сонымен қатар, Путиннің айтуынша, Белгород, Брянск және Курск облыстары шекара маңында жиілеген шабуылдардан, ұшқышсыз құрылғылар мен диверсиялық әрекеттерден зардап шегіп жатыр.
Фото: AFP



