Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген. "Осылайша, 85

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады
Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген.
"Осылайша, 857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады", - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.
Алдағы уақытта борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.  

Related

Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады · Todayinfo