Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алмас Өтешов қымбат көліктің иесін атанды

Қазақстандық танымал ауыр атлет Алмас Өтешов жаңа көлік сатып алғанын қуана хабарлады. Спортшы бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Toyota-ның Camry 80 моделі. Баршаңызға осындай көлік жұғысты бол

By Айғаным Нариманова··1 min read
Алмас Өтешов қымбат көліктің иесін атанды
Қазақстандық танымал ауыр атлет Алмас Өтешов жаңа көлік сатып алғанын қуана хабарлады. Спортшы бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Toyota-ның Camry 80 моделі. Баршаңызға осындай көлік жұғысты болсын!» – деп жазды ол.
Бейнежазба астында көпшілік құттықтаулар мен ақжарма тілектерін жаудырды. Желі қолданушыларының бір бөлігі Алмасты құттықтаса, енді бір бөлігі оның өткен ауыр жағдайын еске салды. Кейбір оқырмандар: «Өткенде ғана жылап, ішкілікке салынып жүр еді. Қалай тез өзгеріп кетті?», – деген пікірлер қалдырды. Айта кетейік, Алмас Өтешов үлкен спорттан кеткен соң көпшілік назарынан тыс қалған болатын. 2023 жылы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай бұрынғы спортшының ауыр жағдайдағы өмірі туралы ашық сұхбат жариялаған еді.        
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Almas Uteshov (@almas_uteshov)

Related

Алмас Өтешов қымбат көліктің иесін атанды · Todayinfo