Алматы әкімі Тоқаевтың атынан Бибігүл Төлегенованы 95 жылдығымен құттықтады
16 желтоқсан күні қазақ операсының бұлбұлы, аты аңызға айналған әнші, актриса және педагог Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды. Қазақстанның мәдениет және өнер саласында өшпес із қалдырған өнер иесін Алматы әкімі Ерболат Досаев арнайы құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

16 желтоқсан күні қазақ операсының бұлбұлы, аты аңызға айналған әнші, актриса және педагог Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды. Қазақстанның мәдениет және өнер саласында өшпес із қалдырған өнер иесін Алматы әкімі Ерболат Досаев арнайы құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған құттықтау хатын табыс етті.
Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құттықтау хатта Бибігүл Ахметқызының ұлттық өнерді дамытудағы тарихи рөлі ерекше атап өтілді. «Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі – зор мерей», - делінген Президенттің құттықтауында.
қазақ мәдениетіАлматы әкімі Ерболат ДосаевБибігүл Төлегенованың 95 жылдығыРеспублика Сарайындағы концертБибігүл Төлегеновақазақ опера өнері
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·