Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматы балабақшасындағы оқиға: балалардың ата-анасы жазаға тартылуы мүмкін

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. «3 жастағы баланың ата-анасының

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматы балабақшасындағы оқиға: балалардың ата-анасы жазаға тартылуы мүмкін
Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті.

«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны жайлы видео тарап кеткен еді.

 

Related

Алматы балабақшасындағы оқиға: балалардың ата-анасы жазаға тартылуы мүмкін · Todayinfo