«Алматы-Бішкек» тасжолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болған
Құтқарушылар «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында тұрып қалған көлікті эвакуациялады. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19:50-де Алматы облысының Жамбыл ауданында жол жамылғысының нашарлығы салдарынан «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолы

Құтқарушылар «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында тұрып қалған көлікті эвакуациялады.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19:50-де Алматы облысының Жамбыл ауданында жол жамылғысының нашарлығы салдарынан «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама түскен. Дала жолымен осы учаскені айналып өтуге тырысқан 5 көліктің жүргізушісі балшықта қалып қойды. Оқиға орнына ТЖД мен ЖАО-ның 4 қызметкері мен техникасы шықты.
Сондай-ақ ПД және «Қазавтожол» қызметкерлері жұмыс істеді. Сағат 2:55-те 3 адам, оның ішінде 1 бала бар көлік эвакуацияланды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·