Алматы қаласының экономикасы өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5%-ға өсті. Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші шамамен 9,5%-ға жеткен. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, экономикалық өсімге негізгі үлесті өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары қосқан.
Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Алматының инвестициялық портфелі 2,8 трлн теңгеден асатынын атап өтті. Бүгінде «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағы іс жүзінде толықтай толған. Осыған байланысты жаңа жобаларды тарту мақсатында аталған аймақтарды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.




