Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Алматы» хоккей клубы плей-офф кезеңіне шықты: Ширек финал қашан басталады?

«Алматы» хоккей клубы Pro Hokei Ligasy плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты. Команда өз алаңында «Ақтөбе» клубын 2:0 және 4:1 есебімен жеңді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
«Алматы» хоккей клубы плей-офф кезеңіне шықты: Ширек финал қашан басталады?

Алматылық хоккей клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын екі рет қатарынан жеңіп, Pro Hokei Ligasy чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық спорт басқармасының мәліметінше, тұрақты чемпионаттың екінші кезеңі аясында алматылық ұжым үшін «Ақтөбе» хоккей клубымен өткен ойындар сәтті аяқталды.

29 және 30 қаңтар күндері өткен матчтарда «Алматы» командасы қарсыласынан айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бірінші ойын 2:0 есебімен аяқталса, екінші кездесуде алматылықтар 4:1 есебімен жеңді.

Осы маңызды екі жеңістің нәтижесінде команда турнир кестесіндегі орнын нығайтып, чемпионаттың шешуші кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Pro Hokei Ligasy чемпионатының ширек финалдық ойындары 23 ақпанда басталады. Ал плей-оффтың финалдық кезеңі 6 сәуірге жоспарланған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

«Алматы» хоккей клубы плей-офф кезеңіне шықты: Ширек финал қашан басталады? · Todayinfo