Алматы-Нөкіс әуе бағыты ашылды
Фото: Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Алматы-Нөкіс әуе бағыты ашылды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Азаматтық авиация баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстанмен жаңа әуе бағыты ашылды. Бұл ретте халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасын

Фото: Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Алматы-Нөкіс әуе бағыты ашылды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Азаматтық авиация баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстанмен жаңа әуе бағыты ашылды. Бұл ретте халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті.
Uzbekistan Airways әуе компаниясы биыл 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·