Todayinfo.kz
Almaty RegionView all articles

Басшыға жарымаған басқарма: Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Ақсубаева қызметтен кетті

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ал жемқорлықпен аты жиі шыққан басқарманың басшысы қызметте көп отыра алмады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы т

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Басшыға жарымаған басқарма: Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Ақсубаева қызметтен кетті
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ал жемқорлықпен аты жиі шыққан басқарманың басшысы қызметте көп отыра алмады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы туылған, білімі жоғары, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «психология» мамандығы, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін «экономика» мамандығы, 2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы және 2021 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етті. Еске салайық, 2025 жылы 21 тамызда Арайлым Төлеубекова басшысы лауазымына тағайындалған еді. Алайда ол келгелі шу көбейіп, басқарманың әрекетіне қатысты шағым көбейді.

Related

Басшыға жарымаған басқарма: Алматы облысы білім басқармасының басшысы Арайлым Ақсубаева қызметтен кетті · Todayinfo