Алматы облысындағы әскери полигонда өткен оқ ату жаттығуы кезінде мерзімді әскери қызметші абайсызда өзін жаралады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиға 5571 әскери бөлімінде болған. Қатардағы жауынгер АК-74 автоматын абайсыз қолдану салдарынан аяғын жанамалап жаралаған.
Әскери қызметші дереу Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы аталған жайтқа байланысты қызметтік тергеуді бастады.
Фото: Әлеуметтік желіден




