Todayinfo.kz
Almaty RegionView all articles

Алматы облысы референдумға дайындық аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу ж

By Айғаным Нариманова··2 min read
Алматы облысы референдумға дайындық аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.
- «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», - деді Мейрамгүл Айтова.
Референдум учаскесін қалай білуге болады? Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:
  • ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;
  • бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);
  • облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;
  • Telegram-бот арқылы.
Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында): Алматы облысы – 109 Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111 Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29 Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496 Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371 Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340 Іле ауданы – 8 (72752) 20 892 Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981 Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170 Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994 Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284 Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739 Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Related

Алматы облысы референдумға дайындық аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде · Todayinfo