Алматы облысында 10 жастағы бала үш метрлік әжетхана шұңқырынан бүлдіршінді құтқарып алды
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында адам өмірін сақтап қалған нағыз ерлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы блогер Александр Цой жазды,деп хабарлайды Todayinfo. Үш жасар қыз бала тайып құлап, үш метр тереңдіктегі әжетхана шұңқырына түсіп кеткен. Анасы көмек сұрап айқайлаған

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында адам өмірін сақтап қалған нағыз ерлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы блогер Александр Цой жазды,деп хабарлайды Todayinfo.
Үш жасар қыз бала тайып құлап, үш метр тереңдіктегі әжетхана шұңқырына түсіп кеткен. Анасы көмек сұрап айқайлаған кезде, оның даусын жақын маңдағы тұрғын - ер адам мен оның 10 жастағы ұлы Әлихан естіп, дереу көмекке ұмтылған.
Алдымен ер адам өзі түспек болғанымен, бетон едендегі тесіктің тарлығы оған мүмкіндік бермеді. Сол сәтте Алихан өзі түсуді ұсынған. Әкесі баласын арқанмен белінен байлап, шұңқырға түсірген.
Шұңқыр түбіне түскен Әлихан қыз баланы белінен арқанмен байлап, жоғарыға қарай жіберді. Артынша әкесі баласын да арқанмен қайта шығарып алды.
Құтқару сәтінде ешкім жарақат алған жоқ. Екі баланы да дәрігерлер қарап шықты, қазіргі жағдайлары қанағаттанарлық, ешқандай қауіп жоқ.
Related

Almaty Region
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·