Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады, деп хабарлайды Todayinfo. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер өткен тәулікте Алматы, Шығыс Казақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қалаласында 5 өртті сөндірді. "Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады, деп хабарлайды Todayinfo. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер өткен тәулікте Алматы, Шығыс Казақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қалаласында 5 өртті сөндірді.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық өрт сөндірілді. Өкінішке қарай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылындағы өрт салдарынан 1951 жылы туған ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылып, қайтыс болды", – деп қосты ведомство.
Министрлік азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай, дейді мамандар.  

Related

Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты · Todayinfo