Алматы облысында есерсоқ жігіт құжат тексермек болған полицейді сүйреп әкетті (видео)
Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көлігінің есігімен қысып, сүйреп әкеткен. Полицияның мәліметәнше, Байсейіт ауылында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum көлігін тоқтатқан. 34 жастағы жүргізуші хаттама рәсім

Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көлігінің есігімен қысып, сүйреп әкеткен.
Полицияның мәліметәнше, Байсейіт ауылында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum көлігін тоқтатқан. 34 жастағы жүргізуші хаттама рәсімдеу кезінде қызметкерлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.
"Ол полицейлерді елемей, көлігіне отырып кетіп бара жатқан кезінде көлігінің есігі капитан Темірбаевтың саусақтарын қысып қалған. Көлік жедел қозғалып, офицерді шамамен 10-15 метр қашықтыққа жылдамдықпен сүйреп әкеткен. Полиция қызметкері қолын есіктен жұлып үлгерген, алайда асфальтқа құлап, жарақат алды", – делінген полиция хабарламасында.
Жүргізуші көп ұзамай ұсталып, Шелек ауылдық полиция бөліміне жеткізілген.
Билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=2v_kIJaqLFU[/embed]
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·