Әкімнің айтуынша, бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі: «Президент орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жөнінде нақты міндет қойды. Бүгінде Алматы облысы осы жалпыұлттық іске қомақты үлес қосуда. Мектеп аулалары мен саябақтар жасыл желекке толып келеді — бұл табиғатты қорғаудың әр азаматтың борышы екенін түсінген жас ұрпақтың бастамасының нәтижесі», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Экологиялық науқанға мектеп оқушылары белсенді қатысты: оған 340 мыңнан астам бала атсалысты. «Біз сыныптастарымызбен бірге ағаш тұқымдарын отырғыздық, қазір олар көктеп өсіп келеді. Үзіліс кезінде су құйып, күтіп-баптаймыз. Шақырылған қонақтар бізге ағашты қалай дұрыс өсіру керектігін үйретті. Бірнеше жылдан кейін бұл жерде жасыл бұрыш пайда болады деген ой қуантады. Ол біз үшін естелік әрі болашақ оқушыларға сыйлық болады», — деп бөлісті Қонаев қаласының 4-сынып оқушысы Сабит Айсулу. Фото: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу бастамасын жүзеге асыруға бағытталғ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу бастамасын жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 26 сәуірде облыста әкім Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен «Біз болашаққа бірге дән егеміз» атты акция басталды. Өткен жылы өңірдегі барлық мектеп ауласында ағаш тұқымдары отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қосымша 6,79 гектар аумаққа 11 237 көшет отырғызу жоспарланып отыр. Тек мектептерде ғана бағдарлама аясында 11,2 мыңнан астам ағаш егілді.
Related

Almaty Region
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·