Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады
Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығар

Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.
Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.
Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.
Related

Almaty Region
Қайыңды көліне апаратын автожол құрылысы тамыз айында аяқталады
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Цинхай и Алматинская область укрепляют партнерство: туризм, «зеленые» технологии и новые инвестиционные проекты
Айдар Керім·

Almaty Region
Экспорт Алматинской области превысил $1,1 млрд за три года
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысында өндірілген өнімдер Еуропа мен Таяу Шығысқа экспортталып жатыр
Жаннұр Еділбаева·