Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматы тауындағы оқиға: 3500 метр биіктікте қытайлық турист ажалдан қалды

Алматы тауларындағы Богданович мұздығында 3500 метр биіктікте Қытай азаматы басынан ауыр жарақат алды. Құтқарушылар оны түнде эвакуациялады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Алматы тауындағы оқиға: 3500 метр биіктікте қытайлық турист ажалдан қалды

Алматы тауларында 3500 метр биіктікте Қытайдан келген турист ауыр жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға Медеу ауданындағы Богданович мұздығының маңында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 1998 жылы туған әйел басынан жарақат алып, қаны тоқтамаған. Салдарынан ол өз бетінше төмен түсе алмаған. Зардап шеккен азамат Қытайдан келген үш туристің қатарында болған.

"Зардап шеккен әйелдің нақты геолокациясы анықталған соң, Алматы қаласының Әмбебап құтқару бөлімшесі, Құтқару қызметі және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оқиға орнына шұғыл аттанды. Құтқарушылар туристерге жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті және азаматтарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады ведомство.

Құтқару жұмыстары биік таулы аймақта өтіп, түннің түсуі жағдайды одан сайын қиындатқан. Десе де, заманауи жедел-құтқару техникасы мен реанимобильдің көмегімен шетелдік азаматтар Алматы қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Фото: ҚР ТЖМ

Related

Алматы тауындағы оқиға: 3500 метр биіктікте қытайлық турист ажалдан қалды · Todayinfo