Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурыз кешкі са

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты
Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Related

Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты · Todayinfo