Мектепке бара жатқан: Алматыда экскватор мопед мінген 15 жастағы оқушыны мыжып өлтірді
Алматы қаласының Алатау ауданында 24 қазан күні жантүршігерлік жол апаты орын алды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады. Оқиға сағат 08:10 шамасында Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесінде болған. 15 жастағы жасөспірім мопедпен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып,

Алматы қаласының Алатау ауданында 24 қазан күні жантүршігерлік жол апаты орын алды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.
Оқиға сағат 08:10 шамасында Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесінде болған. 15 жастағы жасөспірім мопедпен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Соққының күшімен мопед аударылып, оның жолаушысы – 15 жастағы жасөспірім жол жиегіне құлаған. Сол сәтте оны экскаватор басып кетіп, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицияның дерегіне сәйкес, жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам қаза тапқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда мопед жүргізушілеріне тіркеу үшін қажет құжаттар туралы ақпарат берілген болатын.
Related

Society
«Говно-казахи!»: Жақында істі болған блогер Жанабыловтың әйелінің ұлтты қорлаған жазбасы тарады
Айғаным Нариманова·

Society
Сириядан қашқан 24 жастағы жігіт Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонаған
Айдар Керім·

Society
«Жақындатып қараймын»: Нұрлан имам купальниктегі қыздар туралы айтты
Айғаным Нариманова·

Society
Семейдегі орман өрті 60 гектар аумақты шарпыды
Айғаным Нариманова·