«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, бұқаралық спортты дамыту - дені сау жастарды тәрбиелеудің және ұлт денсаулығын нығайтудың негізгі шарты. Біздің турнир - бұқаралық спорттың тәжірибеде қалай дамып келе жатқандығының айқын дәлелі: футболмен айналысуға қолжетімді жағдайлар жасалды, мыңдаған бала спортқа тартылуда. “Балалар Футбол Лигасы” - жай ғана жарыс емес. Бұл - арман, үлкен мақсаттар және алматылықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу туралы жоба. Біз осы маусымда алаңға шыққан әрбір баланы мақтан тұтамыз», - деп атап өтті.Алматы футбол федерациясы жаттықтырушыларға, ата-аналарға, төрешілерге және еріктілерге ризашылығын білдіреді. Қалада бұқаралық футболды және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт жобаларын дамытуға жүйелі қолдау көрсетіп Алматы қаласы әкімдігіне ерекше алғыс айтылады.
Алматыда футболдан «Балалар Футбол Лигасы» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
23 қарашада Алматыда балалар футболындағы жылдың ең ірі спорттық шараларының бірі - «Балалар Футбол Лигасы» бойынша қалалық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Биылғы маусым тамыздан қарашаға дейін жал

23 қарашада Алматыда балалар футболындағы жылдың ең ірі спорттық шараларының бірі - «Балалар Футбол Лигасы» бойынша қалалық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы маусым тамыздан қарашаға дейін жалғасты, оған қаланың барлық аудандарындағы футбол мектептері мен академиялары атынан 300 командадан 5000-нан астам бала қатысты. Рәсім барысында 7–17 жас аралығындағы командалар, сондай-ақ қыздар арасындағы турнирдің U11 және U14 санаттары бойынша жеңімпаздар марапатталды. Турнир Алматыдағы бұқаралық спорттың негізгі жобаларының бірі ретінде балалар мен жасөспірімдердің тұрақты жарыс процесіне жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз етті.
Жас футболшыларды қазақстандық танымал спортшылар мен футбол қайраткерлері - Сабырхан Ибраев, Сергей Климов, Эдуард Глазунов, Игорь Утробин, Сергей Скорых, Эльмира Абдуллаева және Виктор Катков құттықтады. Олардың қатысуы балалар үшін маңызды ынталандырушы және шабыттандырушы фактор болды.
Алматы футбол федерациясының басшысы Бауыржан Талғатұлы:
Related

Almaty
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·