Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда көлік тізгіндеген баланың ата-анасы іздестірілуде

  Алматыда жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған. Оқиғаның видеосы желіге шықты. Видеодағы жазбада ата-аналар балаларын алдына алып, Әл-Фараби даңғылының бойымен сағатына 70-80 жылдамдықпен жүргені жазылған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған ф

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда көлік тізгіндеген баланың ата-анасы іздестірілуде
  Алматыда жүргізуші кішкентай баланы рөлге отырғызған. Оқиғаның видеосы желіге шықты. Видеодағы жазбада ата-аналар балаларын алдына алып, Әл-Фараби даңғылының бойымен сағатына 70-80 жылдамдықпен жүргені жазылған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеріс шараларын бастады. «Баланың көлік жүргізуіне жол берген жауапсыз ата-ана міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Алматы полициясы жол ережесін қатаң сақтау және жауапкершілік деңгейін арттыру талабын тағы еске салады Жол қателікті кешірмейді» - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Related

Алматыда көлік тізгіндеген баланың ата-анасы іздестірілуде · Todayinfo