Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда лифт алдында әйелін тепкілеген күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде Алматыда лифт алдында тұрған екі ер адамның көзінше бұрынғы күйеуі әйелін ұрып-соққан видео тараған еді. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне ашуланған болатын. Бұл жағдайға Алматы қалалық Полиция департаментінің басп

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда лифт алдында әйелін тепкілеген күдікті ұсталды
Әлеуметтік желіде Алматыда лифт алдында тұрған екі ер адамның көзінше бұрынғы күйеуі әйелін ұрып-соққан видео тараған еді. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне ашуланған болатын. Бұл жағдайға Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда лифт алдында әйелін ұрған ер адамның видеосы тараған болатын.  

Related

Алматыда лифт алдында әйелін тепкілеген күдікті ұсталды · Todayinfo