Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда қарлы боран мен суық: алдағы күндердің ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы қаласына 25-27 ақпан аралығында болатын ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. 25 ақпан Алматыда ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде: 0...+2°C Күндіз:

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда қарлы боран мен суық: алдағы күндердің ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы қаласына 25-27 ақпан аралығында болатын ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 ақпан

Алматыда ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.

  • Түнде: 0...+2°C
  • Күндіз: +13...+15°C

26 ақпан

Күні бойы ауа райы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Кешке қарай тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін күшейеді.

  • Түнде: 0...+2°C
  • Күндіз: +6...+8°C

27 ақпан

Ауа райы айнымалы бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен соғады.

  • Түнде: -5...-7°C
  • Күндіз: +1...+3°C

Астана қаласындағы ауа райы

Алдағы күндері Астанада да күн райы тұрақсыз болады.

  • 25 ақпан: Таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады, түнде тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде: -7...-9°C, Күндіз: 0...+2°C.
  • 26 ақпан: Түнде қар, тұман, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде: -6...-8°C, Күндіз: -1...+1°C.
  • 27 ақпан: Түнде қар жауады, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде: -11...-13°C, Күндіз: -6...-8°C.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде алдағы күндері тұман, жауын-шашын, желдің күшеюі мен көктайғақ күтіледі. Ал оңтүстік-шығыс аймақтарда қар мен жаңбыр аралас қатты жауын-шашын жауып, таулы өңірлерде қар басым болады.

Related

Алматыда қарлы боран мен суық: алдағы күндердің ауа райы болжамы · Todayinfo