Алматыда КСРО Халық артисі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің бейнесі Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне бейнеленді.

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды.

Осыдан кейін көркем нысанды жасау жұмыстары ұйымдастырылған. Жобаның ерекше маңыздылығы – Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрғанында.

Жобаны дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысқан.

– Осылайша, Халық артисінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ, - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.