Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

[Өрттің кадрлары Kris_p_almaty  Telegram-дағы арнасында пайда болды. Видеодан қалың қара түтін шығып жатқан құрылыс алаңын көруге болады. Сондай-ақ кейбір кадрларда ғимараттың төменгі қабаттарындағы лаулап жанып жатқан аумақтар көрінеді. Оқиғаның Момышұлы мен Универсиада көш

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді
[Өрттің кадрлары Kris_p_almaty Telegram-дағы арнасында пайда болды. Видеодан қалың қара түтін шығып жатқан құрылыс алаңын көруге болады. Сондай-ақ кейбір кадрларда ғимараттың төменгі қабаттарындағы лаулап жанып жатқан аумақтар көрінеді. Оқиғаның Момышұлы мен Универсиада көшелерінің қиылысында болғанын белгілі болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:58-де жеткен.
"Оқиға орнына жеткен кезде салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр аумақта пластик құбырлардың өртеніп жатқаны анықталды", – деп хабарлады ведомстводан.
Өрт сағат 14:08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды.   

Related

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді · Todayinfo