Алматыда жас қызды зорлаған күзетшіге үкім шықты
Коллаж: ulysmedia.kz. Алматыда бойжеткенді зорлады деп айыпталған күзетшіге қатысты сот процесі аяқталды. Сот жабық режимде өтті әрі төрт айға созылды. Сот бұрынғы B-52 бар күзетшісін бойжеткенді зорлады әрі тонады деген айып бойынша кінәлі деп тауып, оны 8 жылға және бір айға ба

Коллаж: ulysmedia.kz.
Алматыда бойжеткенді зорлады деп айыпталған күзетшіге қатысты сот процесі аяқталды. Сот жабық режимде өтті әрі төрт айға созылды.
Сот бұрынғы B-52 бар күзетшісін бойжеткенді зорлады әрі тонады деген айып бойынша кінәлі деп тауып, оны 8 жылға және бір айға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамызында ер адам алматылық Ұлжан атты бойжеткенді бардан үйіне шығарып салуды ұсынған. Содан кейін оны зорлап, пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.
2023 жылы Қазақстанда жалпы 401 зорлау фактісі тіркелген. Сарапшылар бұл көрсеткіш зорлаудың нақты санынан ондаған есе аз деп санайды.
2022 жылы 386 жағдай тіркелген кезде 194 айыптау үкімі шығарылған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·