Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда жасөспірім қыз терезеден секіріп қаза тапты

Aлматы қаласындағы «Алтын Бұлақ» тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға орын алды. Алмалы ауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыз бала секіріп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Facebook желісінде қайғылы оқиғаның орын алғаны туралы ақпар

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Алматыда жасөспірім қыз терезеден секіріп қаза тапты
Aлматы қаласындағы «Алтын Бұлақ» тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға орын алды. Алмалы ауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыз бала секіріп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Facebook желісінде қайғылы оқиғаның орын алғаны туралы ақпарат тараған. Аудандық ПД мәліметінше, оқиға салдарынан жасөспірім қыз бірден қайтыс болған. Қазір аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Related

Алматыда жасөспірім қыз терезеден секіріп қаза тапты · Todayinfo