Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда жолаушылар мінген троллейбус өртенді

Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінен өрт шықты, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 08:04-те оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары шыққан. Қабылданған шаралард

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда жолаушылар мінген троллейбус өртенді
Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінен өрт шықты, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 08:04-те оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары шыққан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Өрт алаңы – 20 шаршы метр. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Related

Алматыда жолаушылар мінген троллейбус өртенді · Todayinfo