Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматылық құтқарушылар СҚО көмекке аттанды

Алматы қаласының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді. Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. 11 сәуірде Петропавл маңындағы Кожевенный кентіндегі тұрғындарды хабардар етуге жеке құрамнан елуден астам адам жұмылд

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматылық құтқарушылар СҚО көмекке аттанды
Алматы қаласының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. 11 сәуірде Петропавл маңындағы Кожевенный кентіндегі тұрғындарды хабардар етуге жеке құрамнан елуден астам адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, алматылық құтқарушылар тұрғандарға мүлікті шығаруға көмек көрсетуде.

"Алғашқы күндерден бастап Заречныйс кентінде, сондай-ақ, Ренет, Труд, Восход, Надежда, Обувка, Кристал, Сатурн, Нептун, Проектировщик, Весна, Жемчужина, Строительный, Клинок, Ивушка, Тихая заводь, Голубой огонек, Зеленый луг, Изумруд саяжай алаптарында эвакуациялық шаралар барысында жергілікті тұрғындарды хабардар ету жүргізілді", - деп хабарлады ТЖД-да.

Подгора шағын ауданының жергілікті тұрғындарын эвакуациялау туралы жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"11 сәуірдегі жағдай бойынша, 3 күн ішінде алматылықи құтқарушылар 1430 жеке тұрғын үйді аралап шықты", - делінеді хабарламада.
 

Related

Алматылық құтқарушылар СҚО көмекке аттанды · Todayinfo