Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыны қалың қар басты: көшелерді тазалауға 1200-ден астам техника шығарылды

Алматыда тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті. Қала көшелерін тазалауға 1200-ден астам техника мен 2700 жұмысшы жұмылдырылды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Алматыны қалың қар басты: көшелерді тазалауға 1200-ден астам техника шығарылды

Алматыда тәулікке жуық уақыттан бері тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, көшелерді тазалауға мыңдаған техника мен жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қар жауа бастағаннан-ақ жолдарға мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр.

Жалпы, көше тазалығына 1225 бірлік арнайы техника мен 2710 жол қызметкерінен құралған 75 жедел бригада жұмылдырылды. Түнде жол-патрульдік полициясының бақылауымен 26 колонна қарды жол жиегіне ысырса, таңғы сағат 02:00-ден бастап 95 шағын техника тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазалауға кіріскен.

Сонымен қатар аялдамалар, жерасты және жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустар жұмысшылардың күшімен тазаланып жатыр.

"Қар толық тоқтап, ауа райы тұрақталғанға дейін жұмыстар үздіксіз жалғасады. Қала көшелері мен жолдардың жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Алматыны қалың қар басты: көшелерді тазалауға 1200-ден астам техника шығарылды · Todayinfo