Todayinfo.kz
NewsView all articles

Америкалық қазақ қызы туған анасын іздеп жүр

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Ая Блумер (қазақша аты-жөні – Төлепова Аяулым Нариманқызы) Қазақстандағы туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды  Todayinfo порталы. 2004 жылы 2 мамырда дүниеге келген Ая Орал қаласындағы №2 балалар үйінде тәрбиеленген. 2007 жылы оны шетелдік

By Айғаным Нариманова··1 min read
Америкалық қазақ қызы туған анасын іздеп жүр
АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Ая Блумер (қазақша аты-жөні – Төлепова Аяулым Нариманқызы) Қазақстандағы туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды Todayinfo порталы. 2004 жылы 2 мамырда дүниеге келген Ая Орал қаласындағы №2 балалар үйінде тәрбиеленген. 2007 жылы оны шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткен. «Жақында 21 жасқа толамын. Қазақстан берген туу туралы куәлігімде менің шын атым Төлепова Аяулым Нариманқызы деп көрсетілген. Әке-шешемнің атын білемін. Анамды 7 жыл бойы іздеп келемін», – деп жазды ол. Аяның айтуынша: 🔹 Әкесі туберкулезден қайтыс болған, 🔹 Анасы оны тастап кеткен, 🔹 Анасында одан бөлек 4 бала бар. Қазір Ая туған анасын табуға бар күшін салып, ақпарат іздеп жүр.    
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Уральская Неделя ▪︎ СМИ ▪︎ Новости (@uralsk_week)

Related

Америкалық қазақ қызы туған анасын іздеп жүр · Todayinfo