Todayinfo.kz
NewsView all articles

Англияда ұзындығы 25 метрге жететін динозаврдың сүйегі табылды

Ғалымдар жер бетін құрлық динозаврлары мекен еткен кездегі теңіз бен мұхиттарды кезген ірі кесірткені анықтады, деп жазады ВВС. Бауырымен жорғалаушының қаншалықты үлкен екенін нақты айту қиын, бірақ тұмсығы мен құйрығын қосқанда ұзындығы шамамен екі автобустың ұзындығымен бірдей

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Англияда ұзындығы 25 метрге жететін динозаврдың сүйегі табылды
Ғалымдар жер бетін құрлық динозаврлары мекен еткен кездегі теңіз бен мұхиттарды кезген ірі кесірткені анықтады, деп жазады ВВС.

Бауырымен жорғалаушының қаншалықты үлкен екенін нақты айту қиын, бірақ тұмсығы мен құйрығын қосқанда ұзындығы шамамен екі автобустың ұзындығымен бірдей болатыны анықталды.

қаңқа
Фото: TONY JOLLIFFE/BBC

Теңіз гиганты шамамен 202 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінің триас және юра кезеңдерінің шекарасында өмір сүрген.

Сарапшылар оның жақтары ұзындығы 25 метрге дейін жететін алып ихтиозаврға тиесілі екенін айтады.

Бұл өткен жылы Дорсет жағалауындағы жартастан табылған плезиозаврдан ұзынырақ.

қаңқа
Фото: TONY JOLLIFFE/BBC

Алайда жойылып кеткен теңіз алыбының өлшемін сенімді түрде анықтау үшін толық бас сүйегі мен қаңқасын табу керек.

Осы уақытқа дейін табылған сүйектердің фрагменті жалпы картинаны құрамайды, бірақ олар белгілі бір көлемде түсінік қалыптастырды.

 

Related

Англияда ұзындығы 25 метрге жететін динозаврдың сүйегі табылды · Todayinfo