Сондай-ақ еріктілерге 2024 жылғы 4 сәуірде күшіне енген «Қоғамдық бақылау туралы» заңы туралы айтылды. Жаңа заң қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділердің мүмкіндігін кеңейтеді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша еріктілерге қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде жаңа заң талаптарын іске асыру, сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру ұсынылды."Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың арқасында 4 млрд теңгеден астам сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтеру тәуекелінің алды алынды", - деді Ұлан Сарқұлов.
Антикор еріктілері 4 млрд теңгені талан-таражға салудың жолын кесті
Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 млрд теңгеден аса қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлады Антикор. Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы еріктілердің жалпы республикалық

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 млрд теңгеден аса қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлады Антикор.
Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы еріктілердің жалпы республикалық дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, агенттіктің басшылығы мен аумақтық департаменттері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде жемқорлыққа қарсы еріктілер жұмысының нәтижесі айтылды.
Төрағаның бірінші орынбасары белсенді және бейжай қарамайтын азаматтар мемлекетіміздің дамуындағы маңызды факторға айналып жатқанын атап өтті.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·