АҚШ генералы Мадуроны ұстау операциясы қалай өткенін айтып берді
АҚШ генералы Мадуроны тұтқындау операциясының толық барысын алғаш рет жария етті.

Америка Құрама Штаттарының Қарулы Күштері Бас штаб бастықтарының біріккен комитеті төрағасы генерал Дэн Кейн Николас Мадуроның қолға түсуі бойынша әскери операцияның егжей-тегжейін алғаш рет жария етті.
Оның айтуынша, Венесуэла басшысын ұстау операциясын әзірлеу бірнеше айға созылған. Бұл кезеңде барлау деректері жиналып, бақылау жүргізіліп, арнайы жасақтар жаттығу өткізіп, өзара әрекеттестікті пысықтаған.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Генерал Кейннің сөзінше, желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты операция біраз уақытқа кейін шегерілген. Тек 3 қаңтарға қараған түні ауа райы қолайлы қалыпқа келгенде, сағат 22:46-да АҚШ президенті Дональд Трамп операцияны бастауға бұйрық берген.
АҚШ-тың 20-дан астам әскери базасынан бір мезетте 150-ден аса әскери ұшақ пен пилотсыз аппарат әуеге көтерілген. Одан кейін Кариб теңізіндегі әуе тасымалдағыштан тікұшақтар ұшып шығып, шабуыл тобы Мадуроның резиденциясына бет алған. Шабуыл тобының құрамында АҚШ Әділет министрлігінің өкілдері де болған – олардың міндеті Мадуроға ресми айып тағу еді.
Related

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·

News
Кто хочет стать голосом народа? Партия «Әділет» раскрыла список кандидатов
Жаннұр Еділбаева·

News
Әуелі экранда, кейін алаңда: неге фиджитал дисциплиналары әлемдік спорттың жаңа форматына айналып келеді?
Жаннұр Еділбаева·