Todayinfo.kz
NewsView all articles

АҚШ Иранға соққы беруі мүмкін: Шабуыл 24 сағат ішінде басталуы ықтимал

АҚШ Иранға әскери операция бастауға дайындалып жатыр. Сарапшылар шабуылдың алдағы 24 сағатта басталуы мүмкін екенін айтады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
АҚШ Иранға соққы беруі мүмкін: Шабуыл 24 сағат ішінде басталуы ықтимал

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы әскери операция бастауы мүмкін, қазірдің өзінде аймақтағы базаларынан кейбір қызметкерлерін шығара бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің жазуынша, бұл жағдай Ирандағы ішкі тәртіпсіздіктердің күшеюімен тұспа-тұс келіп отыр. Ресми Тегеран егер АҚШ шабуыл жасаса, көршілес елдердегі америкалық базаларға соққы беретінін ескерткен.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, Құрама Штаттар аймақтағы шиеленістің артуына байланысты негізгі базалардан өз қызметкерлерінің бір бөлігін сақтық шарасы ретінде шығарып жатыр.

Еуропалық екі шенеунік АҚШ-тың әскери операция бастауы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Олардың бірі шабуылдың алдағы 24 сағат ішінде басталуы ықтимал екенін де жоққа шығармады.

Reuters мәліметінше, израильдік шенеунік те АҚШ президенті Дональд Трамп шешім қабылдап қойды деп санайды, бірақ операцияның ауқымы мен мерзімі әлі нақтыланбаған.

Катар да өз кезегінде Әл-Удейд авиабазасындағы (АҚШ-тың аймақтағы ең ірі базасы) америкалық әскерилер санының азайтылуын «аймақтағы қазіргі шиеленіске жауап» деп атады.

Related

АҚШ Иранға соққы беруі мүмкін: Шабуыл 24 сағат ішінде басталуы ықтимал · Todayinfo